Өңір тұрғындарымен кездесуден кейін «Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде ұсынылған партия өкілдері Түркістан облысының қолөнершілері мен туризм саласының өкілдерімен кездесіп, креативті экономиканы, ұлттық қолөнерді және ішкі туризмді дамыту мәселелерін талқылады.
Жиын жергілікті халық шеберлері еңбек ететін Қолөнершілер орталығында өтті. Онда ұлттық киімдер, кесте және тоқыма бұйымдары, зергерлік әшекейлер, сондай-ақ дәстүрлі тәсілмен жасалған ағаш және былғарыдан дайындалған қолөнер туындылары таныстырылды.
Қолөнершілермен кездесуде сөз сөйлеген «Әділет» партиясының төрағасы, Республикалық сайлауалды штабтың жетекшісі Айбек Дәдебай Мемлекет басшысы туризмді экономиканың басым бағыттарының бірі ретінде айқындағанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл міндетті орындау ұлттық мәдениетті сақтау, қолөнерді қолдау және туризмді дамытумен тығыз байланысты.
«Осы бағыт «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында нақты көрініс тапқан. Біз креативті экономиканы ел дамуының жаңа бағыты ретінде қарастырамыз. Алдағы үш жылда оның жалпы ішкі өнімдегі үлесін 3 пайызға дейін жеткізуді ұсынамыз. Креативті экономика дегеніміз – кино немесе музыка ғана емес. Оның ажырамас бөлігі – ұлттық қолөнер, зергерлік өнер, этнодизайн, киіз басу, ағаш ою, ер-тұрман жасау, ұлттық киім тігу секілді ата-бабадан жалғасқан асыл мұра. Сондықтан партиямыз қолөнершілердің құқықтық мәртебесін айқындайтын арнайы заң қабылдауды ұсынады. Өйткені шебер – өнім өндірумен қатар, халқымыздың тарихи жадын, мәдени кодын және ұлттық болмысын сақтап келе жатқан тұлға», — деді Айбек Дәдебай.
Құрылтай депутаттығына кандидат Үнзила Шапақ әділетті мемлекет әрбір азамат өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінгенде ғана қалыптасатынын айтты.
«Сондықтан біз «Әділетті Қазақстан», «Заң мен тәртіп», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» бастамаларын кеңінен қолдап, еңбекқорлықты, жауапкершілікті, бастамашылдықты және азаматтық белсенділікті қоғамның басты құндылықтарына айналдырамыз. Еңбек адамын қолдау біздің басты міндетіміздің бірі болады», — деді Құрылтай депутаттығына кандидат Үнзила Шапақ.
Республикалық сайлауалды штабтың мүшесі, Астана қалалық өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов Түркістанның әлеуеті өте жоғары екенін атап өтті.
«Біздің алдымызда үлкен мүмкіндік тұр. Түркістанды тек тарихи орталық емес, халықаралық деңгейдегі туризмнің, ұлттық қолөнердің, спорттың және шығармашылық индустрияның ірі орталығына айналдыруға барлық мүмкіндік бар. Бұл үшін мемлекет, кәсіпкерлер және қоғам бірлесіп әрекет етуі керек. Ал «Әділет» партиясының бағдарламасы дәл осы мақсаттарға бағытталған», — деді Республикалық сайлауалды штабтың мүшесі, Астана қалалық өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов.
Кездесу соңында қатысушылар қолөнерді дамыту, туристік инфрақұрылымды жетілдіру және креативті экономиканы қолдау мәселелері бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ өңірге туристерді тарту мен жергілікті шеберлерді қолдау жөніндегі ұсыныстар талқыланды.
➖
Партия «Әділет» предложила закрепить правовой статус ремесленников
После встречи с жителями региона кандидаты в депутаты Курултая от партии «Әділет» обсудили с ремесленниками и представителями туристической отрасли Туркестанской области развитие креативной экономики, народных промыслов и внутреннего туризма.
Встреча прошла в Центре ремесленников, где работают местные мастера народных промыслов. Ими были представлены национальная одежда, вышивка, текстиль, ювелирные украшения, а также изделия из дерева и кожи, выполненные в традиционной технике.
Обращаясь к ремесленникам, председатель партии «Әділет», руководитель Республиканского предвыборного штаба Айбек Дадебай отметил, что Глава государства определил туризм одним из приоритетных направлений развития национальной экономики. По его словам, достижение этой задачи невозможно без системной поддержки ремесленников, развития креативной индустрии и сохранения культурного наследия.
«Партия «Әділет» рассматривает ремесленничество как часть креативной экономики. В своей предвыборной программе «Әділетті болашақ үшін» партия ставит задачу увеличить ее долю в ВВП до 3% в ближайшие три года и предлагает принять специальный закон, который закрепит правовой статус ремесленников. Ведь ремесленник – это человек, который не только производит изделия, но и сохраняет историческую память, культурный код и национальную идентичность нашего народа», — заявил Айбек Дадебай.
Кандидат в депутаты Курултая Унзила Шапак отметила, что справедливое государство возможно только тогда, когда каждый гражданин ощущает себя полноценной частью общества.
«Именно поэтому мы поддерживаем общенациональные инициативы «Справедливый Казахстан», «Закон и порядок», «Адал азамат» и «Таза Қазақстан», выступаем за укрепление в обществе таких ценностей, как трудолюбие, ответственность, инициативность и гражданская активность. Поддержка человека труда – одна из наших ключевых задач», — сказала Унзила Шапак.
Член Республиканского предвыборного штаба, председатель Узбекского этнокультурного центра города Астаны Шерзод Пулатов подчеркнул, что Туркестан обладает всеми возможностями для дальнейшего развития.
«У Туркестана есть все возможности стать не только историческим центром, но и международной площадкой для развития туризма, национального ремесла, спорта и креативной индустрии. Для этого необходимы совместные усилия государства, бизнеса и общества. Именно на достижение этих целей направлена предвыборная программа партии «Әділет», — отметил Шерзод Пулатов.
В завершение встречи участники обменялись мнениями о развитии ремесленного дела, туристической инфраструктуры и креативной экономики, а также обсудили предложения по привлечению туристов и поддержке местных мастеров.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары