Түркістан облысы – ұлттық мектеп лигасының жеңімпазы — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысы – ұлттық мектеп лигасының жеңімпазы

Астана қаласында педагогтердің республикалық тамыз конференциясы аясында «Дене шынықтыру – адами капиталды дамытудың стратегиялық негізі: заманауи тәсілдер, инновациялар және үздік тәжірибелер» тақырыбында секциялық отырыс өтті.

Жиында Ұлттық мектеп лигасының қорытындысы жарияланып, жалпы командалық есепте Түркістан облысы 735 ұпаймен І орынға ие болды.
Түркістан облысы – 735 ұпай
Алматы қаласы – 646 ұпай
Жамбыл облысы – 641 ұпай

Бұл – өңірде бұқаралық және балалар спортын дамытуға, оқушылардың спорттық әлеуетін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі. Жас спортшылардың жоғары көрсеткішке қол жеткізуіне ұстаздар мен жаттықтырушылардың еңбегі, ата-аналардың қолдауы және балалардың табандылығы негіз болды.

Өңірде балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға, спорттық инфрақұрылымды жетілдіруге және өскелең ұрпақ үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға ерекше мән берілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тұрақты қолдауымен жүзеге асырылуда.

Түркістан облысының құрама командасын, жас спортшыларды, олардың ұстаздары мен жаттықтырушыларын, ата-аналарын айтулы жеңіспен құттықтаймыз!

Жеңіс тұғырынан көрінген өңір спортшыларына жаңа оқу жылында толағай табыс пен жаңа биіктер тілейміз!

#ТүркістанОблысы #ҰлттықМектепЛигасы #ТамызКеңесі2026 #БалаларСпорты #МектепСпорты #ТүркістанЖеңісі

x

Check Also

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылым жаңғырады

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Энергетикалық ...

Садақ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Ульсан қаласында ...