Ордабасылықтар ел болашағы үшін таңдауын жасады — Xnews — ақпарат агенттігі

Ордабасылықтар ел болашағы үшін таңдауын жасады

Бүгін ел өміріндегі маңызды саяси оқиға – Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтуде.

Ордабасы ауданында таң сәріден сайлау учаскелеріне жиналған тұрғындар өз азаматтық ұстанымын білдіріп, ел болашағына қатысты таңдауын жасауда. Сайлау барысына жастар мен ардагерлер, түрлі салада еңбек етіп жүрген мамандар мен этнос өкілдері белсенді атсалысуда.

Бұл күн аудан көлемінде тек дауыс берумен шектелмей, елдік бірлік пен қоғамдық белсенділікті айшықтайтын мазмұнды іс-шараларға ұласты. Бірқатар сайлау учаскелерінде ұлттық нақыштағы киім киген тұрғындар қатысып, дәстүр мен заманауилықты сабақтастырған ерекше көрініс қалыптасты.

Сайлау күніне орай аудан аумағында спорттық жарыстар мен мәдени шаралар ұйымдастырылып, жәрмеңкелер өткізілді. Ал аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әндерін шырқап, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Аға буынның өнегесі мен жастардың жігері, түрлі сала мамандарының белсенділігі мен этнос өкілдерінің ортақ іс-шараларға атсалысуы – Ордабасыдағы ынтымақ пен қоғамдық келісімнің жарқын көрінісі.

Айта кетейік, Ордабасы ауданындағы 53 сайлау учаскесінің барлығы жұмысын бастады. Аудан бойынша дауыс беруге құқығы бар 74 275 сайлаушы тіркелген. Сайлау учаскелері азаматтарды кешкі сағат 20:00-ге дейін қабылдайды.

Бүгінгі күн – әр азаматтың елдік ұстанымын танытқан, бірлік пен жауапкершілікті тоғыстырған маңызды күн. Ортақ таңдау – ел ертеңіне деген сенімнің көрінісі.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...