Мұхтархан Ділдәбеков өз таңдауын жасады — Xnews — ақпарат агенттігі

Мұхтархан Ділдәбеков өз таңдауын жасады

Қазақстан боксының даңқын әлемге танытқан әйгілі спортшы, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Мұхтархан Қобыланбекұлы Ділдәбеков бүгін Құрылтай депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады.

Рингте ел намысын абыроймен қорғап, талай биікті бағындырған чемпион бүгінде жас спортшыларға бағыт-бағдар беріп, отандық бокс пен спорттың дамуына өз үлесін қосып келеді.

Ел тағдырына қатысты маңызды шешім қабылданатын саяси науқанда спорт саңлағы да азаматтық ұстанымын білдіріп, өз таңдауын жасады.

«Ел болашағы – әр азаматтың таңдауынан басталады» деген ұстаныммен бүгінгі маңызды науқанға белсенді қатысты.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...