Шымкентте ақ жаулықты әжелер өз таңдауын жасады — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте ақ жаулықты әжелер өз таңдауын жасады

Шымкентте сайлаушылар ел өміріндегі маңызды саяси науқанға белсенді қатысып жатыр. Концерттік көрме орталығында орналасқан №360 сайлау учаскесіне ұлттық киімдегі «Әжелер» ансамблінің мүшелері келіп, өз азаматтық таңдауын жасады.

Ақ жаулықты әжелердің сайлау учаскесіне бірге келуі ұлттық дәстүр мен азаматтық белсенділіктің жарасымды көрінісін көрсетті.

Ұлттық киімдегі аналар қауымы сайлау учаскесіне ерекше сән беріп, айтулы күннің маңызын айшықтай түсті.

Өз таңдауын жасаған ақ жаулықты әжелер ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық міндетін орындаудың маңызын көрсетті.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...