Бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов №107 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Белгілі спортшы еліміздің тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауында ел азаматтары белсенділік танытуы қажет екенін атап өтті.
Учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Эльмира Тезекбаеваның айтуынша, бұл аумақта жалпы 1611 азамат дауыс беруге тіркелген.
– Құрылтай сайлауы – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Құрылтайдың басты маңызы – қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтуында. Бүгін ел тұрғындары, жастар белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда.
Қазіргі уақытта бізге ең керегі — елдің бірлігі мен ынтымағы. Баршамыз осы құндылықтарымызды сақтауымыз керек, – деді Б.Жақыпов.⠀
Айта кетсек, мұндағы сайлау учаскесінде қала тұрғындары таңнан бері белсенділік танытып, өз таңдауын жасап жатыр.
➖
Чемпион мира по боксу проголосовал на выборах Курултая
Чемпион мира по боксу Биржан Жакипов сделал свой выбор на избирательном участке № 107. Известный спортсмен отметил, что граждане страны должны проявить активность на первых в истории нашей страны выборах Курултая.
По словам председателя участковой избирательной комиссии Эльмиры Тезекбаевой, на данной территории для голосования зарегистрирован в общей сложности 1611 гражданин.
– Выборы Курултая — это одно из важнейших событий в общественно-политической жизни страны. Главное значение Курултая заключается в укреплении связи между обществом и государством. Сегодня жители страны и молодежь проявляют активность и делают свой выбор.
В настоящее время нам больше всего необходимы единство и сплоченность страны. Все мы должны беречь эти ценности, — сказал Б. Жакипов.
Стоит отметить, что горожане проявляют активность на этом избирательном участке и делают свой выбор с самого утра.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары