Түркістандық кәсіпкерлер Өзбекстанның жетекші кәсіпорындарымен танысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістандық кәсіпкерлер Өзбекстанның жетекші кәсіпорындарымен танысты

Ташкент қаласында Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының, бизнес қауымдастықтарының, салалық қауымдастықтардың, даму институттарының және кәсіпкерлерінің қатысуымен Қазақстан–Өзбекстан бизнес-форумы өтті.

Форумның негізгі мақсаты – екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, өндірістік кооперацияны дамыту және өзара тиімді бірлескен жобаларды іске асыруға жаңа серпін беру.

Іс-шараға «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының төрағасы Қанат Шарлапаев қатысып, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық экономикалық әріптестікті тереңдетудің, бизнес үшін қолайлы жағдай қалыптастырудың және өңіраралық кооперацияны кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ форум жұмысына «Атамекен» ҚР ҰКП Түркістан облысы бойынша директоры Асылан Ибадуллаев қатысып, Түркістан облысынан келген 40 кәсіпкермен бірге өңірдің инвестициялық және өндірістік әлеуетін таныстырып, өзара тиімді серіктестік орнатуға бағытталған B2B кездесулер мен келіссөздерге қатысты.

Форум аясында делегация Өзбекстанның жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарын аралады. Атап айтқанда, TEXNOPARK көпсалалы индустриялық кешені, Zelal Textile заманауи тоқыма фабрикасы, ARCA Mebel халықаралық жиһаз орталығы және жоғары технологиялық CRAFERS кондитерлік фабрикасының өндірістік әлеуетімен танысып, инновациялық өндіріс үдерістері мен өндірістік кооперацияның жаңа мүмкіндіктерін зерделеді.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...