Шымкентте сапалы интернетпен қамту жұмысытары жалғасуда — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте сапалы интернетпен қамту жұмысытары жалғасуда

Шымкент қаласының тұрғындарын сапалы интернетпен қамту бағытындағы жұмыс жүйелі жалғасуда. Қазіргі таңда мегаполис аумағын интернетпен қамту деңгейі 97%-ға жетіп, байланыс қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша нақты жобалар іске асырылуда.

Осы бағыттағы маңызды жобаның бірі – «Кар-Тел» ЖШС-мен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан байланыс инфрақұрылымын дамыту жұмысы. Жоба аясында қала аумағында екі функциялы антенна-бағандық 22 құрылым орнату жоспарланған. Бұл тіректердің негізінде жаңа базалық станциялар іске қосылып, мобильді байланыс пен жоғары жылдамдықтағы интернет желісінің қамту аумағы кеңейтіледі.

Бүгінге дейін соның 9-ы орнатылып, жаңа базалық станциялар пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде бұрын байланыс сапасы төмен немесе интернет жылдамдығы жеткіліксіз болған бірқатар тұрғын ауданда мобильді байланыс сапасы жақсарып, интернет желісінің тұрақтылығы мен жылдамдығы артты. Бұл тұрғындардың цифрлық қызметтерді кедергісіз пайдалануына, онлайн білім алуға, қашықтан жұмыс істеуге және мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алуына қолайлы жағдай жасауда.

Жыл соңына дейін қалған 13 тіректі орнату және жаңа базалық станцияларды кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланған. Жобаның толық жүзеге асуы нәтижесінде қала аумағын сапалы интернетпен қамтамасыз ету көрсеткіші айтарлықтай артып, байланыс инфрақұрылымы одан әрі нығая түседі. Бұл өз кезегінде Шымкент қаласының цифрлық даму қарқынын күшейтіп, тұрғындарға заманауи әрі сапалы телекоммуникациялық қызметтерді қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

Интернеттің қолжетімді болуы – елдің цифрлық дамуындағы стратегиялық маңызды мәселе. Бұл, әсіресе, коронавирус пандемиясы әлемді онлайн режиміне көшуге мәжбүр еткен кезде өзекті болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ең алдымен цифрлық теңсіздікті жою, интернетке барынша қолжетімділікті және барлық азаматтардың сапалы байланысқа қосылуын қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.

x

Check Also

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...

Құрылтай сайлауы – білімді ұлт қалыптастыруға негіз болатын маңызды қадам

Елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың басты мақсаты мемлекеттік басқару жүйесін заман талабына бейімдеу және қоғамның барлық тобының пікірін шешім қабылдау ...