Мемлекет басшысының Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына арналған салтанатты іс-шараға қатысушыларға құттықтауы — Xnews — ақпарат агенттігі

Мемлекет басшысының Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына арналған салтанатты іс-шараға қатысушыларға құттықтауы

Қадірлі қауым!

Сіздерді Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!

Қостанай – ырысы мол, ынтымағы жарасқан қастерлі өлке. Осы уақыт аралығында өңір өсіп-өркендеп, астықты аймаққа айналды. Береке мен бірліктің, келісім мен татулықтың алтын бесігі ретінде танылды.

Облыстың төл тарихымыздағы орны ерекше. Бұл топырақтан Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Бейімбет Майлин және басқа да тұғырлы тұлғалар шықты. Олар халыққа қалтқысыз қызмет етіп, ұлт руханиятының көкжиегін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты.

Қазіргі таңда аймақ экономикасы қарқынды дамып жатыр. Азаматтардың қажырлы еңбегінің арқасында өңір өркендеу жолына түсіп, көптеген жетістікке қол жеткізуде. Қостанай жұрты әрдайым ауызбіршіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. Аймақ халқының наурыз айында өткен республикалық референдумға белсене қатысып, жаңа Конституцияны қолдап дауыс беруі – соның айқын көрінісі.

Осы орайда, облысты көркейту үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздер алдағы уақытта да Заң мен Тәртіпті ту еткен Әділетті Қазақстанды құру жолында жасампаз бастамаларды жүзеге асыруға белсене атсалыса бересіздер деп сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Тобыл-Торғай өлкесі өркендей берсін!

Поздравление Главы государства участникам торжественного мероприятия, посвященного 90-летию Костанайской области

Уважаемые участники!

Искренне поздравляю вас с 90-летием со дня образования Костанайской области!

Костанайская земля славна своими богатыми традициями и самобытной культурой. За прошедшие годы регион, известный как золотая колыбель мира, единства и процветания, достиг значительного прогресса, превратившись в одну из основных житниц страны.

Костанайская область занимает особое место в истории нашей страны. Здесь появились на свет великие просветители и мыслители Ибрай Алтынсарин, Ахмет Байтурсынов, Беимбет Майлин и многие другие выдающиеся деятели. Их самоотверженное служение народу способствовало значительному расширению горизонтов национальной духовности.

Сегодня экономика региона динамично развивается. Благодаря упорному труду граждан область уверенно идет по пути процветания, демонстрируя высокие достижения во всех сферах. Костанайцы неизменно показывают прекрасный пример сплоченности и патриотизма. Ярким подтверждением тому служит активное участие местных жителей в республиканском референдуме, состоявшемся в марте, в ходе которого они подавляющим большинством голосов высказались в поддержку новой Конституции.

Хочу выразить искреннюю признательность всем гражданам, чьим трудом создается благополучие региона. Уверен, вы продолжите активно участвовать в реализации созидательных инициатив, направленных на строительство Справедливого Казахстана и реализацию принципа «Закон и Порядок».

Желаю вам крепкого здоровья и дальнейших успехов!

Пусть процветает Костанайская область!

x

Check Also

Әлеуметтік қолдау, экология және кәсіпкерлік: сайлауалды үгіт-насихаттың басты тақырыптары

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар еліміздің әр өңірінде түрлі іс-шара өткізіп жатыр. Кездесулерге еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар ...

Пробежки, дебаты и разговор без галстуков: как проходит предвыборная гонка в Казахстане

Пока одни выходят на пробежку, другие устраивают общественные слушания, отправляются в села, обсуждают проблемы бизнеса или встречаются с семьями, воспитывающими ...