«Әділет» партиясы ұлттық спорт түрлерін дамытудың жеті бағытын ұсынды — Xnews — ақпарат агенттігі

«Әділет» партиясы ұлттық спорт түрлерін дамытудың жеті бағытын ұсынды

Түркістан облысына жұмыс сапары аясында «Әділет» партиясының сайлауалды штабы өңірдің спорт қауымдастығы өкілдерімен – кәсіби спортшылармен, еңбек сіңірген жаттықтырушылармен, спорт федерацияларының басшыларымен және ұлттық спорт түрлерінің ардагерлерімен кездесті.

Басқосу Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде ашық диалог форматында өтті. Жиын барысында ұлттық спорт түрлерін дамыту, заманауи спорт инфрақұрылымын салу, жаттықтырушыларды қолдау, спорт резервін даярлау және өңірлерде спортпен шұғылдануға қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды.

«Әділет» партиясының төрағасы, Республикалық сайлауалды штабтың жетекшісі Айбек Дәдебай ұлттық спорт түрлерінің мәдени мұраны сақтау мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына тоқталды.

«Әрине, Түркістан – ұлттық болмысымыздың алтын бесігі. Бұл өңірде салт-дәстүр де, ұлттық тәрбие де табиғи қалпында сақталған. Сол құндылықтардың бірегей көрінісі – ұлттық спорт. Сондықтан ұлттық спортты дамыту – тек спорт саласының міндеті емес. Бұл – ұлттық бірегейлікті сақтау, жастарды тәрбиелеу және қоғамның ішкі тұтастығын нығайту мәселесі. Сол себепті бұл саланы дамыту дегеніміз – спортшыларға жағдай жасаумен шектелмейді. Бұл – жаттықтырушылардың мәртебесін көтеру, спорт инфрақұрылымын жетілдіру, ұлттық спорт мектептерін қолдау, ауылдағы талантты жастарға жол ашудан басталады», — деді Айбек Дәдебай.

«Дала қырандары» қозғалысының жетекшісі, «Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Мәди Рымжановтың айтуынша, спорт адамның тек физикалық дайындығын ғана емес, өмірлік ұстанымдарын да қалыптастырады.

«Мен спорттың адамға медальдан әлдеқайда көп нәрсе беретінін өз тәжірибемнен білемін. Ол мінезді қалыптастырады, тәртіпке баулиды әрі жеңілістен кейін қайта еңсе тіктеуге үйретеді. Біз спортпен айналысу әр адамның өмір салтына айналғанын, спортшы еңбегі лайықты бағаланғанын, жаттықтырушылардың еңбегі құрметтелгенін және әрбір баланың өз қабілетін ашуға мүмкіндік алғанын қалаймыз», — деді Мәди Рымжанов.

Республикалық сайлауалды штабтың мүшесі, Құрылтай депутаттығына кандидат Жанарбек Әшімжан ұлттық спортты дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болғанымен, салада әлі де жүйелі шешімді қажет ететін мәселелер бар екенін айтты.

«Мәселен, орталықтар мен өңірлердегі инфрақұрылымдардың жеткіліксіздігі. Ауылдық жерлерде көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу сияқты спорт түрлеріне арналған арнайы алаңдар мен сәйгүлікке арналған базаларды заманауи негізде жасақтау. Қаржыландырудың теңсіздігін реттеу. Атап айтқанда олимпиадалық спорт түрлерімен салыстырғанда ұлттық спортқа бөлінетін қаржы көлемі төмен, өңірлер арасында едәуір айырмашылық бар. Сондықтан Үкіметтің бюджет жобасына тиісті мемлекеттік органдармен келісе отырып осы бағытта нақты түзетулер ұсынылады. Білікті бапкерлер мен төрешілердің, жас мамандардың салаға келуін қамтамасыз ету және оны шешу жолдары», — деді Жанарбек Әшімжан.

Сайлауалды бағдарлама аясында партия «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының заңына жеті негізгі бағыт бойынша өзгерістер енгізуді ұсынады. Атап айтқанда, бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру, жоғары жетістіктер спортын қаржыландырудың ашықтығын күшейту, бұқаралық және балалар спортын дамытуға басымдық беру, ұлттық және олимпиадалық емес спорт түрлерін қолдау тетіктерін жетілдіру, спорт федерациялары қызметінің ашықтығын күшейту, спорттағы жемқорлық тәуекелдерін азайту, сондай-ақ спортшылар мен жаттықтырушылардың құқықтық мәртебесін нақтылау ұсынылады.

Кездесу қорытындысы бойынша спорт қауымдастығының өкілдері ұлттық спорт түрлерін дамыту, спорт инфрақұрылымын жетілдіру және жаттықтырушылар қауымдастығын қолдау жөніндегі ұсыныстарын сайлауалды штабқа табыстады. Түскен барлық бастама тіркеліп, партияның Республикалық сайлауалды штабында қарауға қабылданды.

➖

Партия «Әділет» предложила семь направлений развития национальных видов спорта

В рамках рабочей поездки в Туркестанскую область предвыборный штаб партии «Әділет» встретился с представителями спортивного сообщества региона — профессиональными спортсменами, заслуженными тренерами, руководителями спортивных федераций и ветеранами национальных видов спорта.
​
Встреча прошла в спортивном комплексе имени Бекзата Саттарханова в формате открытого диалога. Участники обсудили развитие национальных видов спорта, строительство современной спортивной инфраструктуры, поддержку тренеров, подготовку спортивного резерва и создание условий для занятий спортом в регионах.
​
Председатель партии «Әділет», руководитель Республиканского предвыборного штаба Айбек Дадебай подчеркнул значение национальных видов спорта для сохранения культурного наследия и воспитания молодежи.
​
«Туркестан всегда был местом, где особенно бережно сохранялись наши традиции. Национальные виды спорта — это часть нашей культуры, нашей истории и нашего характера. Поддерживая их, мы сохраняем связь поколений и воспитываем молодежь на ценностях силы, уважения, честной борьбы и ответственности. Именно поэтому партия «Әділет» выступает за системное развитие национальных видов спорта, поддержку тренеров, спортивных школ и молодых спортсменов, чтобы это наследие не только сохранялось, но и развивалось», — обратился председатель к спортсменам.
​
По словам руководителя движения «Дала қырандары», кандидата в депутаты Курултая от партии «Әділет» Мади Рымжанова, спорт формирует не только физическую подготовку, но и жизненные принципы, необходимые человеку и обществу.
​
«Я сам знаю, что спорт дает человеку гораздо больше, чем медали. Он воспитывает характер, дисциплину и умение подниматься после поражений. Мы хотим, чтобы занятия спортом стали нормой жизни, труд спортсменов был уважаем, работа тренеров — достойно оценена, а каждый ребенок получил возможность раскрыть свой потенциал», — сказал Мади Рымжанов.
​
Член Республиканского предвыборного штаба Жанарбек Ашимжан отметил, что развитие национальных видов спорта остается одним из приоритетов государственной политики, однако отрасль по-прежнему нуждается в последовательном решении ряда системных вопросов.
​
«Сегодня многие талантливые ребята в регионах сталкиваются с одними и теми же проблемами: нехваткой современной инфраструктуры, ограниченными возможностями для подготовки и участия в соревнованиях, недостаточной поддержкой тренерского сообщества. В предвыборной программе партии «Әділет» предусмотрены конкретные меры по развитию спортивной инфраструктуры, поддержке детско-юношеского спорта, национальных видов спорта и созданию равных возможностей для спортсменов независимо от региона проживания», — заявил Жанарбек Ашимжан.
​
В рамках предвыборной программы партия предлагает внести изменения в Закон Республики Казахстан «О физической культуре и спорте» по семи ключевым направлениям. Речь идет о повышении эффективности использования бюджетных средств, усилении прозрачности финансирования спорта высших достижений, приоритетном развитии массового и детско-юношеского спорта, совершенствовании механизмов поддержки национальных и неолимпийских видов спорта, повышении открытости деятельности спортивных федераций, снижении коррупционных рисков в отрасли, а также совершенствовании правового статуса спортсменов и тренеров.

​По итогам встречи представители спортивного сообщества передали предвыборному штабу свои предложения по развитию национальных видов спорта, спортивной инфраструктуры и поддержке тренерского сообщества. Все поступившие инициативы зарегистрированы и приняты в работу Республиканским предвыборным штабом партии.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...