Қазақстан құрамасы Халықаралық математикалық олимпиадада алты медаль жеңіп алды — Xnews — ақпарат агенттігі

Қазақстан құрамасы Халықаралық математикалық олимпиадада алты медаль жеңіп алды

2026 жылғы 13-21 шілде аралығында Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында 67-ші Халықаралық математикалық олимпиада (International Mathematical Olympiad, IMO) өтті. Әлемдегі ең беделді әрі ең көне зияткерлік білім жарыстарының біріне 117 мемлекеттен 700-ге жуық дарынды оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Күміс медаль иегерлері:
• Тимур Мұрат — Алматы қаласындағы «Haileybury Almaty» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
• Әли Еркебұланұлы — Алматы қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
• Батырхан Бейганов — Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы.

Қола медаль иегерлері:
• Ерасыл Алтынбек — Алматы қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
• Марғұлан Шарел — Астана қаласындағы Spectrum халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
• Амирлан Аманжолов — Алматы қаласындағы «Haileybury Almaty» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.

Құрама жетекшілері:
• Асылбек Әбдіәшімұлы Исахов — Қазақстан-Америка еркін университетінің президенті;
• Қанат Қайратұлы Сатылханов — халықаралық және республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері.

Халықаралық математикалық олимпиада 1959 жылдан бері өткізіліп келе жатқан әлемдегі ең беделді әрі ең көне пәндік олимпиадалардың бірі. Қазақстан бұл білім додасына 1992 жылдан бері тұрақты қатысып келеді.

Осы уақыт ішінде ұлттық құрама олимпиадаға 34 рет қатысып, 16 алтын, 54 күміс және 86 қола медаль, сондай-ақ 30 Құрмет грамотасын иеленді. Бұл қазақстандық оқушылардың жоғары дайындық деңгейін, педагогтердің жүйелі еңбегін және Қазақстанның халықаралық олимпиадалық қозғалыстағы берік орнын тағы бір мәрте айқын көрсетті.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Сборная Казахстана завоевала шесть медалей на Международной математической олимпиаде

С 13 по 21 июля 2026 года в Шанхае (Китайская Народная Республика) прошла 67-я Международная математическая олимпиада (International Mathematical Olympiad, IMO). В одном из самых престижных и старейших интеллектуальных соревнований мира приняли участие около 700 школьников из 117 стран.

По итогам олимпиады сборная Казахстана завоевала 3 серебряные и 3 бронзовые медали.

Серебряные медали завоевали:
• Тимур Мурат — ученик 12 класса международной школы Haileybury Almaty;
• Али Еркебуланович — ученик 11 класса школы-лицея «NURORDA» города Алматы;
• Батырхан Бейганов — ученик 10 класса Республиканской физико-математической школы.

Бронзовые медали завоевали:
• Ерасыл Алтынбек — ученик 11 класса школы-лицея «NURORDA» города Алматы;
• Маргулан Шарел — ученик 12 класса международной школы Spectrum города Астаны;
• Амирлан Аманжолов — ученик 12 класса международной школы Haileybury Almaty.

Руководители сборной:
• Асылбек Абдиашимович Исахов — президент Казахстанско-Американского свободного университета;
• Канат Кайратович Сатылханов — многократный призер международных и республиканских олимпиад.

Международная математическая олимпиада проводится с 1959 года и является старейшей и одной из самых престижных предметных олимпиад в мире. Казахстан принимает участие в этом интеллектуальном соревновании с 1992 года.

За это время национальная сборная выступила на олимпиаде 34 раза, завоевав 16 золотых, 54 серебряные и 86 бронзовых медалей, а также 30 Почетных грамот. Эти результаты подтверждают высокий уровень подготовки казахстанских школьников, системную работу педагогов и прочные позиции Казахстана в международном

Министерство просвещения Республики Казахстан

x

Check Also

Социальная поддержка, экология и предпринимательство: главные темы агитационной кампании

В рамках предвыборной кампании политические партии продолжают проводить мероприятия в различных регионах страны. Встречи проходят с участием трудовых коллективов, представителей ...

Әлеуметтік қолдау, экология және кәсіпкерлік: сайлауалды үгіт-насихаттың басты тақырыптары

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар еліміздің әр өңірінде түрлі іс-шара өткізіп жатыр. Кездесулерге еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар ...