Түркістан облысында қайтарылған активтер қоғам игілігі үшін пайдаланылуда — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында қайтарылған активтер қоғам игілігі үшін пайдаланылуда

​Соңғы екі жылда Түркістан облысына Арнайы қор есебінен 30 нысанға 26,4 млрд. теңге бөлінген, 27 нысан құрылысы аяқталып, 3 нысан бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Алғашқы әлеуметтік жобаның құрылысы сегіз айда аяқталып, 2025 жылы 3 желтоқсанда Ордабасы ауданы, Темірлан елді-мекенінде жобалық құны 890 млн. теңге тұратын 300 оқушыға арналған жаңа музыкалық өнер мектебі ашылды.

Бұған дейін аталған елді-мекенде музыкалық мектеп 1974 жылы салынған ескі ғимаратта жұмыс істеп келген.

Бүгінгі таңда жаңа музыкалық мектепте 12 өнер түрінен 400 жуық балаға музыкалық білім берілуде, ол үшін мектепте домбыра, қобыз, фортепиано және басқа да музыкалық аспаптарды үйретуге арналған заманауи, арнайы жабдықталған кабинеттер қарастырылған.

Нәтижесінде, қысқа мерзім ішінде музыкалық мектептің жас таланттары халықаралық, республикалық, облыстық байқауларға қатысып, үлкен нәтижелерге қол жеткізуде.

Атап айтқанда, халықаралық байқауда 4, республикалық байқауда 12, облыстық байқауда 15 талантты балалар жүлделі орындар алған.

​Осылайша қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылған жобалар өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және халықтың өмір сапасын жақсартуға елеулі үлес қосуда.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...