Шымкентте МӘМС аясында медициналық қызметке қолжетімділік артып келеді — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте МӘМС аясында медициналық қызметке қолжетімділік артып келеді

Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында атқарылған жұмыстар қорытындыланды.

Бүгінде қалада МӘМС шеңберінде 174 медициналық ұйым халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде 34-і мемлекеттік, қалғаны жекеменшік медициналық мекемелер. Барлығы Қормен жасалған келісімшарт негізінде жұмыс істеп, көрсетілген қызмет көлемі мен сапасына қарай қаржыландырылады.

Биылғы жылдың алғашқы бес айында тұрғындарға 4 миллионға жуық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілген. Сонымен қатар 55 мыңға жуық пациент стационарлық ем қабылдаса, 16 мыңға жуық адам күндізгі стационар қызметін пайдаланған. Бұл қызметтердің басым бөлігі МӘМС қаражаты есебінен қаржыландырылды.

Медициналық оңалту бағыты да қарқынды дамып келеді. Қаладағы 30-ға жуық медициналық ұйымда көрсетілетін оңалту қызметін бес айда 7 мыңға жуық азамат алған. Әсіресе инсульттен кейінгі, кардиохирургиялық операциялардан соңғы және созылмалы аурулары бар пациенттер үшін бұл көмектің маңызы зор.

Қазіргі таңда Шымкентте 1 миллион 78 мыңнан астам адам МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Бұл қала халқының шамамен 85 пайызын құрайды. Мамандардың айтуынша, жүйенің басты мақсаты – тұрғындардың сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алуына жағдай жасау.

Толығырақ: https://youtube.com/live/Wr7SWnxn9yg

#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

Еске салсақ: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында денсаулық саласы, оның ішінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысы туралы: «Денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығына және медициналық қызметтерге мониторинг жүргізу ісінің тиімділігіне қатысты мәселелер бар. Бюджет қаржысы шектеулі кезде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры іс жүзінде бюджетті реттеуші рөлін атқарып отыр. Қор дайын өнім жеткізетін кәсіпорындарға бақылауды күшейткенінің арқасында шығынды көбейтпей ұстап тұр. Үкімет жасанды интеллект технологиясын қолданып, медициналық қызметтердің сапасына, көлеміне мониторинг жүргізетін жаңа жүйе қалыптастыруға тиіс», деді.

Президент Жолдауда денсаулық сақтау, МӘМС-ке қатысты мәселелерге ерекше тоқталды. Нәтижесінде, Денсаулық сақтау министрлігі кейінгі бес жылда салаға бірқатар ауқымды өзгеріс енгізгені мәлім. Президент тапсырмасымен цифрландыруға, Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені енгізуге басымдық берілді. Осы жұмыстар дұрыс үйлессе, қаражатты тиімді басқарып, медициналық көмек сапасын жақсартуға мүмкіндік молаяды.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...