Шымкентте Қазақстан бойынша алғашқы жедел жәрдем бригадаларының смарт-бейнежетондар жүйесі іске қосылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте Қазақстан бойынша алғашқы жедел жәрдем бригадаларының смарт-бейнежетондар жүйесі іске қосылды

Шымкент қаласында еліміз бойынша алғаш рет жедел медициналық жәрдем қызметкерлерін интеллектуалды смарт-бейнежетондармен жабдықтау жобасын жүзеге асыру толық аяқталды. Жоба медициналық персоналдың қауіпсіздігін арттыруға және шұғыл медициналық көмек көрсету барысын жетілдіруге бағытталған.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин жедел жәрдем бригадаларына арнайы жабдықтарды табыстап, осылайша жүйенің қаладағы шұғыл әрекет ету қызметтерінде практикалық қолданысы басталды.

Жоба қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы мен «Қазақтелеком» АҚ бірлескен жұмысы нәтижесінде жүзеге асырылып отыр. Медициналық бригадаларға жалпы саны 240 смарт-бейнежетон берілді. Жүйені орнату, баптау және жаппай пайдалануға енгізу бойынша барлық жұмыс толық орындалды.

Айта кету керек, толық іске қосылуының алдында жоба үш ай пилоттық режимде жұмыс істеді. Оның нәтижесі цифрлық шешімнің тиімділігін көрсетіп отыр.

Смарт-бейнежетондар шақырту кезіндегі іс-әрекеттерді жазып алуға, төтенше жағдайлар туындаған кезде дабыл сигналдарын жіберуге, сондай-ақ, деректерді орталықтандырылған түрде сақтау мен өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл технология медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін арттыруға, олардың құқығын қорғауға және даулы жағдайлар туындаған кезде нақты дәлелдер базасын қалыптастыруға бағытталған.

Жүйе қазіргі уақытта штаттық режимде жұмыс істеп тұр және қаланың жедел жәрдем бригадалары барлық құрылғыны белсенді пайдаланып келеді. Смарт-бейнежетондарды енгізу Шымкент қаласының денсаулық сақтау саласын цифрлық трансформациялау жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...