Кене мен масаға қарсы күрес: Шымкентте маусымдық өңдеу науқаны қарқын алды — Xnews — ақпарат агенттігі

Кене мен масаға қарсы күрес: Шымкентте маусымдық өңдеу науқаны қарқын алды

Шымкент қаласында тұрғындардың қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру және инфекциялық аурулардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Қазіргі таңда қала аумағында масалар, кеміргіштер және шегірткелерге қарсы өңдеу науқаны жалғасып жатыр.

Масаларға қарсы дезинсекциялық жұмыстар 30 наурызда басталған. Жоспарға сәйкес 14 саябақ, 38 өзен мен канал, сондай-ақ 49 гүлзар мен аллея кезең-кезеңімен өңделеді. Бүгінгі күнге дейін саябақтарда үш мәрте, ал өзен арналары мен гүлзарларда екі мәрте залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген.

Кеміргіштерге қарсы көктемгі дератизация сәуір айында толық аяқталды. Өңдеу жұмыстары өзен жағалаулары, суару каналдары мен қоқыс контейнерлері орналасқан аумақтарды қамтыды. Нәтижесінде кеміргіштерден зардап шеккендер саны өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есе төмендеген.

Қала аумағында ауыл шаруашылығы мен жасыл желектерге қауіп төндіретін саяқ шегірткелерге қарсы да арнайы шаралар қолға алынған. Мамыр-шілде айларында жалпы көлемі 1382 гектар жерді химиялық өңдеу жоспарланған. Қазіргі таңда оның 300 гектарында жұмыстар аяқталды.

Жауапты мекемелердің мәліметінше, зиянкестерге қарсы күрес жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жалғасып, қаладағы санитариялық жағдайды тұрақты бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.

Толығырақ: https://youtube.com/live/s2vr3p3Hb8s

#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

Xnews: Жылы маусым — тек табиғат аясындағы демалыс қана емес, сонымен қатар кенелердің белсенділігі артатын кезең. Олардың шаққаны жиі байқалмай қалады, алайда дәл осы арқылы ауыр асқынуларға, созылмалы ауруларға, ал кейбір жағдайларда мүгедектікке және өлімге әкелуі мүмкін қауіпті инфекциялар жұғады.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ескертеді: әр кене жұқпалы емес, бірақ кез келген кене шаққан жағдайда міндетті түрде назар аудару қажет. Кененің сыртқы көрінісіне қарап оның инфекция тасымалдаушы екенін анықтау мүмкін емес.

Кене шаққан арқылы берілетін қауіпті инфекциялардың бірі — кене энцефалиті. Бұл орталық жүйке жүйесін зақымдайтын вирустық ауру. Ол ауыр неврологиялық асқынуларға, мүгедектікке, ал кейбір жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін. Сонымен қатар вирус жұққан кене адамға жабыса салысымен алғашқы минуттарда-ақ инфекцияны жұқтыра алады.

Кене шаққан арқылы сондай-ақ келесі аурулар да таралуы мүмкін:
• туляремия
• Лайм ауруы (кене боррелиозы)
• Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы
• қайталамалы сүзек
• риккетсиоздар

Кенелер ең белсенді кезеңде сәуірден қазанға дейін болады. Дегенмен кене шақу қаупі тек орман немесе тауда ғана емес — олар саябақтарда, аулаларда, саяжайларда, шөп басқан жерлерде және бұталар арасында да кездеседі.

Айта кететін жайт, вирустың таралуын тоқтату және инфекцияның алдын алу үшін кенені мүмкіндігінше тез алып шығу керек. Оны пинцетпен ұстап, тым қатты қыспай, оны баяу және мұқият тартып алу қажет. Алынған кенені ыдысқа салып, оны қақпақпен мықтап жауып, емдеу-алдын алу мекемесіне хабарласу керек.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...