️Президент: «Халық пен билік өкілдерінің қарым-қатынасы мүлде жаңа сипатқа ие болды» — Xnews — ақпарат агенттігі

️Президент: «Халық пен билік өкілдерінің қарым-қатынасы мүлде жаңа сипатқа ие болды»

«Өздеріңізге мәлім, мен 2019 жылы әкімшілік әділеттің жаңа үлгісін қабылдау қажеттігі жөнінде айттым. Бұл азаматтарымызды және кәсіпкерлерді билік өкілдерінің заңсыз әрекеттерінен қорғау үшін жасалған аса маңызды қадам болды. Ал 2021 жылы елімізде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енді.
 
Мемлекет пен қоғам арасындағы байланысқа тың серпін берген «е-Өтініш» онлайн платформасы іске қосылды, яғни, азаматтардың өтініштерін мейлінше ашық әрі тиімді қарап, жедел шешім қабылдау тәсілі қалыптасты.
 
Бұдан бөлек, бұл жүйе бюрократиялық кедергілерді азайтуға және жұртшылықтың ой-пікірін ескеруге мол мүмкіндік берді. Осылайша, халық пен билік өкілдерінің қарым-қатынасы мүлде жаңа сипатқа ие болды. Соңғы бес жыл ішінде мемлекеттік органдарға шамамен 16 миллион өтініштің келіп түсуі – соның айқын көрінісі».
 
t.me/aqorda_resmi

x

Check Also

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

ТОО «iGps Tech» разработала спутниковую систему мониторинга сельскохозяйственных животных, которая работает даже в районах без покрытия сотовой связи. Отечественная технология ...

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан ...