Шымкентте жүзуден Қазақстан чемпионаты басталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте жүзуден Қазақстан чемпионаты басталды

Шымкент қаласында жүзуден Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында ұйымдастырылған жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен ең жас әрі болашағынан зор үміт күттіретін спортшылар жиналды.

Байрақты бәсекеге Қазақстанның 17 өңірінен 35 команда қатысуда. Бірнеше күн бойы 451 жас жүзуші өзара бақ сынап, үздіктерді анықтайды. Чемпионатқа 2014 жылы туған және одан да кіші жастағы спортшылар қатысып жатыр.

Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Жолдықараевтың айтуынша, бұл жарыс жеңімпаздарды анықтаумен ғана шектелмейді.

– Бұл дода жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, тәжірибе жинауына мүмкіндік береді. Осындай жарыстар арқылы болашақта Қазақстанның намысын халықаралық ареналарда абыроймен қорғайтын талантты жүзушілер қалыптасады, – деді ол.

Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі жоғары деңгейде өтті. Астана және Алматы қалаларынан, сондай-ақ Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жетісу, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген командалар көпшілікке таныстырылды.

Іс-шараға жүзу спортынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Андрей Гершевич, Шымкент қалалық жүзу федерациясының құрметті төрағасы Евгений Яворский және Л. Тәжібаева атындағы №4 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ербол Тұңғатаров қатысты.

Жүзу спортының ардагерлері мен сала мамандары жас спортшыларға сәттілік тілеп, әділ бәсекеде өз мүмкіндіктерін толық көрсетуге шақырды.

Шымкент төрінде өтіп жатқан ел чемпионаты жас дарындардың әлеуетін танытып, болашақ чемпиондардың есімін анықтауға мүмкіндік беретін маңызды спорттық алаңға айналмақ.

➖

В Шымкенте стартовал чемпионат Республики Казахстан по плаванию

В Шымкенте развернулись захватывающие соревнования в рамках Чемпионата Республики Казахстан по плаванию, собравшего под свои знамена самых юных и перспективных спортсменов страны 2014 года рождения и младше. Соревнования, посвященные такому важному событию, как День государственных символов, приобрели особую торжественность и значимость.

На старт вышли 35 команд, представляющих 17 регионов страны. Всего в борьбу за медали и право называться лучшими вступил 451 спортсмен. Это настоящее созвездие юных дарований, чьи амбиции и стремление к победе не знают границ.

«Главная цель чемпионата – не только выявить сильнейших, но и дать молодым пловцам возможность отточить свое мастерство, обменяться бесценным опытом и, конечно же, заявить о себе как о будущих звездах казахстанского плавания, способных достойно представлять нашу страну на мировой арене», — сказал исполняющий обязанности руководителя управления физической культуры и спорта города Шымкент Канат Жолдыкараев.

Торжественное открытие соревнований стало ярким зрелищем. Приветственные аплодисменты сопровождали выход каждой команды из Астаны, Алматы, а также Алматинской, Атырауской, Актюбинской, Западно-Казахстанской, Жетысуской, Жамбылской, Костанайской, Кызылординской, Карагандинской, Мангистауской, Павлодарской, Северо-Казахстанской, Улытауской, Восточно-Казахстанской областей и города Шымкент.

Почетными гостями мероприятия стали заместитель руководителя управления физической культуры и спорта города Шымкент Ермек Дарменов, государственный тренер Республики Казахстан по плаванию Андрей Гершевич, почетный председатель федерации плавания города Шымкент Евгений Яворский, а также директор коммунального государственного учреждения «Специализированная детско-юношеская спортивная школа олимпийского резерва №4 имени Л. Тажиевой города Шымкент» Ербол Тунгатаров.

Андрей Гершевич и Евгений Яворский обратились к молодым спортсменам с приветственной речью и пожелали им удачи, честной борьбы и ярких побед.

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...