Шымкент қаласында шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар күшейтілді. Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Руслан Орынбеков Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді.
Мамандардың айтуынша, биыл республика бойынша суға бату деректері тіркеліп отыр. Оның ішінде жасөспірім балалар да бар. Ал Шымкент қаласында 2026 жылдың басынан бері су айдындарында жазатайым оқиға тіркелмеген.
Қазіргі таңда қала аумағында жаппай демалыс пен су спортына арналған 5 ресми орын белгіленген. Оның ішінде 3 жерде суға түсуге рұқсат берілген. Сонымен қатар, 20-ға жуық аквасаябақ пен бассейн халыққа қызмет көрсетуде.
Жыл басынан бері құтқарушылар мен полиция қызметкерлері бірлесіп 101 рейд өткізіп, 13 мыңнан астам тұрғынға түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Қауіпсіздік ережелері бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер, LED экрандар және 112 қызметі арқылы тұрғындарға тұрақты түрде ескертілуде.
Мамандар азаматтарды тек рұқсат етілген орындарда шомылып, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.
Толығырақ: https://youtube.com/live/cWfGFj_x-y8
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
ТЖМ азаматтарды судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады
Жаз – демалыс маусымы. Дәл осы уақытта балалар мектепті бітіреді, ата-аналар еңбек демалысына шығады. Бұл – бойды да, ойды да жазып, сергитін шақ. Қалағаныңызша қыдыруға, жеміс-жидек пен көкөністі тояттап жеуге, күнге қыздырынуға болады. Ал суға түсу жайлы әңгіме тіптен бөлек. Жаз басталса көкжиектен күн шыға салысымен өзен-көлді жағалап, салқын суға шомылуды жөн көреміз. Өзімізді жайлы сезіну үшін шомылып тұру керек-ақ. Десе де, қауіпсіздікті сақтамаудың кесірінен көп адам судың құрбанына айналуда.
Шомылу маусымындағы қайғылы оқиғалар көбінесе рұқсат етілмеген, жабдықталмаған орындарда шомылу және балаларды қараусыз қалдыру салдарынан болады. Ресми статистикаға сәйкес, соңғы жылдары елімізде суға бату жағдайлары тіркеліп, оның ішінде балалардың өмірі қиылған. Мұндай жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін мынадай қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек:
• Бақылау: Балаларды су айдындарының жанында ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.
• Рұқсат етілген орындар: Тек арнайы жабдықталған, құтқарушылар бақылайтын ресми жағажайларда ғана шомылыңыз.
• Алкоголь: Мас күйінде немесе кешкі уақытта суға түспеңіз.
• Шекара: Тыйым салынған белгілерден асып жүзбеңіз.
«Су – тіршілік көзі болғанымен, әрі тілсіз жау» екенін қаперден шығарып аламыз!
Қауіпсіздік шаралары мен ережелерді толығырақ білу үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтынан немесе өңіріңіздегі ТЖД (Төтенше жағдайлар департаменті) ұсынған нұсқаулықтарды қарап шығуға кеңес береміз.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары