Мемлекет басшысы Алтын Орда мәселесін зерделеу бойынша іргелі бастамаларды қолға алуды ұсынды — Xnews — ақпарат агенттігі

Мемлекет басшысы Алтын Орда мәселесін зерделеу бойынша іргелі бастамаларды қолға алуды ұсынды

«Мен жақында Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Дала өркениетін дәріптеуге арналған арнайы орталық құруды ұсындым.

Сонымен қатар Алтын Орда мәселесін зерделеп жүрген шетел мамандарын жұмылдырып, баспа саласына қатысты іргелі бастамаларды қолға алу қажет.

Креативті индустрия және медиа бағытындағы түрлі жобалар, ең алдымен, академиялық зерттеулерге арқа сүйеуі керек.

Жаһандану, жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде көшпенділік, яғни, номадизм тұжырымдамасы туралы жаңаша көзқарас қалыптастыру – өте маңызды. Бүгінде бұл ұғымның сипатын «цифрлық көшпенділердің» жасампаз рухы мен сарқылмас күш-қуатынан айқын көруге болады.

Әділдік, ашықтық және мәдениеттер диалогі – Дала өркениетіне арқау болған құндылықтар. Осы мемлекеттілік дәстүрін жан-жақты зерттеу бүкіл Орталық Еуразияның ұзақ мерзімді дамуына ықпал етері сөзсіз. Қазір бұл аймақ жаңа сипаттағы қайта өрлеу, яғни, ренессанс кезеңіне қадам басты деп айтуға болады».

x

Check Also

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

ТОО «iGps Tech» разработала спутниковую систему мониторинга сельскохозяйственных животных, которая работает даже в районах без покрытия сотовой связи. Отечественная технология ...

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан ...