Өндіріс пен білім үндестігі: Студенттер BNK GROUP алаңында — Xnews — ақпарат агенттігі

Өндіріс пен білім үндестігі: Студенттер BNK GROUP алаңында

Түркістан облысында техникалық және кәсіптік білім беру саласында өндіріс пен білім арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған нақты қадам жасалды. Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы мен Жастар ресурстық орталығының үйлестіруімен колледж студенттері BHK Group өндірістік алаңына танымдық экскурсия жасап қайтты.

Бұл бастама студенттердің өндірістік тәжірибесін жүйелі түрде ұйымдастыруға және олардың болашақ мамандықтарына бейімделуіне мүмкіндік беруді көздейді. Экскурсияны Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Әзірет Ыдырыс бастап, жастарға бағыт-бағдар берді.

Өндіріс орнында студенттерді BHK Group компаниясы директорының орынбасары Абилбек Абилов қарсы алып, кәсіпорынның негізгі қызмет бағыттарымен кеңінен таныстырды. Кездесу барысында қатысушылар заманауи агротехнологиялардың нақты өндірісте қалай қолданылатынын көзбен көріп, тамшылатып суару жүйесіне арналған озық техникалармен, жаңбырлатып суару жүйесін құрастыру үдерісімен және капсула өндірісінің кезең-кезеңімен танысты.

Аталған сапар студенттер үшін тек танысу емес, нақты тәжірибе алаңы болды. Олар оқу барысында алған теориялық білімдерін өндірістік процестермен байланыстырып, заманауи технологиялардың жұмыс істеу тетіктерін тереңірек түсінді.

Мамандардың айтуынша, мұндай өндірістік экскурсиялар — білім беру мен бизнестің өзара ықпалдастығын арттыратын тиімді құрал. Ол жастардың кәсіби біліктілігін шыңдап қана қоймай, еңбек нарығында сұранысқа ие маман болып қалыптасуына жол ашады.

Өңірде қолға алынған бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, жастардың өндірістік тәжірибесін арттыруға және жергілікті кәсіпорындармен байланысты нығайтуға серпін бермек.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...