Ордабасы ауданында «HUATING BIOTECHNOLOGY Co.,LTD» ЖШС-ң сүйектен май және желатин компоненттерін өндіретін зауыттың құрылысы жүргізілуде. Жалы құны 9 млрд теңгені құрайтын кәсіпорын жылына 5 мың тонна өнім өндіреді. Жоба іске қосылғаннан кейін 30 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда нысанды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, газ құбыры мен инженерлік желілерді тарту бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.
Аудан әкімі Азат Оралбаев құрылыс алаңына барып, газбен қамту жұмыстарының барысын бақылады. Қазіргі таңда бастапқы іске қосуға қажетті орта қысымды газ құбыры тартылып, техникалық шарттар алынған. Ал өндірісті толық қуатта іске қосуға арналған жоғары қысымды газ құбырының жобасы мемлекеттік сараптамаға жолданған. Сонымен қатар, кәсіпорын электр желілеріне қосылып, қосымша қуат көздерін алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, маусым айында жоба жаңа кезеңге өтіп, газ құбырына толық қосу жұмыстары басталады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
