«Заң және тәртіп»: Тұрғындармен кездесуде қауіпсіздік және құқықтық сауаттылық мәселелері талқыланды — Xnews — ақпарат агенттігі

«Заң және тәртіп»: Тұрғындармен кездесуде қауіпсіздік және құқықтық сауаттылық мәселелері талқыланды

Шымкент қаласындағы «Отырар» шағынауданында Тұран ауданы прокуратурасының басшылығы жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Ашық форматтағы диалогтың негізгі тақырыбы Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру болды.

Кездесуде прокуратура мен полиция өкілдері тұрғындармен интернет-алаяқтықтың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық мәселелерін кеңінен талқылады. Әсіресе, қарт азаматтарды интернет-алаяқтардан қорғау және жастарды «жеңіл табыс» уәде ететін күмәнді схемалардан сақтандыруға ерекше назар аударылды.

Тұран ауданы прокурорының орынбасары Ғалымжан Жаңабаев жиналғандарға аудандағы қазіргі ахуалға қатысты жан-жақты түсіндірме беріп, құқықтық тәртіпті нығайтудың маңызын атап өтті.

– Біздің басты міндетіміз — құқықбұзушылықтардың алдын алу және олардың орын алуына жол бермеу. Өздеріңіз білетіндей, Президентіміз ұсынған «Заң және тәртіп» қағидаты бар. Оның негізгі мақсаты — қоғамда құқықбұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру, яғни әрбір заңбұзушылыққа міндетті түрде құқықтық шара қолданылуы тиіс. Егер әрбір азамат заңды қатаң сақтап, теріс әрекеттерге жол бермесе, қоғамда тәртіп те, қауіпсіздік те нығая түседі, – деді ол.

Кездесу соңында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқық қорғау органдарының өкілдерінен нақты жауаптар алды.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...