Шымкент оқушылары республикалық олимпиадада жоғары нәтиже көрсетті — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент оқушылары республикалық олимпиадада жоғары нәтиже көрсетті

Шымкент қаласында білім беру саласы аясында оқушылардың жетістіктері артып келеді. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Қуаныш Ғалымжанұлы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз жиынында айтты. Республикалық олимпиада 4 кезең бойынша өтіп, оған қала оқушылары белсенді қатысты.

Аудандық кезеңге 4 718 оқушы қатысып, оның 1 835-і жүлделі орындарға ие болды. Қалалық кезеңде 403 оқушы жеңімпаз атанып, 71 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.

Республикалық олимпиада еліміздің 6 өңірінде (Астана, Алматы, Қостанай, Тараз, Петропавл, Шымкент) ұйымдастырылды. Қорытынды кезеңде Шымкент оқушылары 3 алтын, 10 күміс, 7 қола медаль және 4 грамота иеленді.

Олимпиада орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі және құқық негіздері пәндері бойынша өткізілді. Қорытынды кезеңге 272 оқушы қатысты.

Сонымен қатар, «Сапалы білім» жобасы аясында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында бірнеше байқаулар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: «Абай оқулары», «Озық ойлы ұлт», «Жыр бұлағы – сөз сыры», «Жыр додасы».

Аталған байқауларға жүздеген оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздарға қаржылай сыйақылар табысталды.

Жалпы алғанда, бұл бастамалар оқушылардың білім деңгейін арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеті мен ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын дамытуға ықпал етті.

Толығырақ: https://youtube.com/live/MsWZEHF-MXk

#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...