«Заң мен Тәртіп»: Пробация қызметі есебінде тұрғандар назардан тыс қалмайды — Xnews — ақпарат агенттігі

«Заң мен Тәртіп»: Пробация қызметі есебінде тұрғандар назардан тыс қалмайды

«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Шымкент қаласы Абай ауданының прокуратурасы мемлекеттік органдармен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ алименттік міндеттемелері бар борышкерлерді жұмыспен қамтуға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізді.

Іс-шараларға инвесторлар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысып, аталған санаттағы азаматтарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге дайын екендіктерін білдірді.

Жұмыс барысында түсіндіру кездесулері ұйымдастырылып, бос жұмыс орындарын іріктеуге жәрдем көрсетілді, алимент бойынша борышкерлермен атаулы жұмыс жүргізілді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде азаматтардың бір бөлігі жұмысқа орналастырылып, бұл олардың әлеуметтік бейімделуіне және сот актілерін орындауына ықпал етуде.

Шымкент қаласының прокуратурасы

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...