Шымкентте ұлттық құндылықты дәріптейтін ерекше спорт-мәдени іс-шарасы өтеді — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте ұлттық құндылықты дәріптейтін ерекше спорт-мәдени іс-шарасы өтеді

Шымкентте алғаш рет қала әкімдігінің қолдауымен құмай тазылар арасындағы ашық біріншілік ұйымдастырылады. Бұл жарыс – қазақтың байырғы саятшылық дәстүрін жаңғыртып, жеті қазынаның бірі – тазының қадір-қасиетін насихаттауға бағытталған маңызды бастама.

Додаға еліміздің 18 аймағынан іріктеліп алынған ең жүйрік, ең таңдаулы 36 құмай тазы қатысады деп күтілуде. Әр аймақтан екі тазыдан сынға түседі. Бұл – тек жарыс қана емес, тазы баптау мәдениетін, саятшылық өнерді және ата-баба мұрасын кеңінен танытатын тағылымды алаң.

Алдағы ашық біріншілік Шымкент қаласында құмай тазы спортының дамуына жаңа серпін беріп, ұлттық дәстүрлерді жаңғыртуға зор үлес қосады деп күтілуде. Көрермендер үшін де бұл жарыс ерекше әсер сыйлайтын, тартысты әрі қызықты дода болмақ.

Жарыс 2026 жылғы 11 мамыр күні Шымкент қаласының жаңа атшабары аумағында өтеді.

Барша қала тұрғындары мен қонақтарын ұлттық рухты асқақтататын айтулы додаға куә болуға шақырамыз!

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...