Шымкент қаласында жалдамалы пәтерлердің кілтін табыстауға қатысты салтанатты рәсімі өтті. Жаңа баспанаға ие болған 15 отбасының қатарында мүгедектігі бар азаматтар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ, толық емес отбасылар бар.
Салтанатты жиында қала әкімі қоныс иелерін маңызды оқиғамен құттықтап, бұл іс-шаралар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында жүзеге асырылып жатқанын және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Айта кету керек, жалдамалы пәтерлер Шымкент қаласы бойынша баспана кезегінде тұрған азаматтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілді. Пәтерлерді бөлу тетігі оның ашықтығы мен тиісті заңдылығын қамтамасыз етеді.
Жаңа пәтерлер Асар-2 шағынауданындағы көп қабатты үйлерде орналасқан. Нысандар барлық құрылыс талабы мен стандарттарына сай пайдалануға берілген, инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген және қоныстануға дайын.
Қалада тұрғындарын үй-жаймен қамтамасыз ету бағдарламаларын іске асыру алдағы уақытта да жалғасып, азаматтардың баспана мәселелерін кезең-кезеңімен шешуге бағытталады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
➖
Новоселье в Шымкенте: 15 семей получили арендное жильё
В Шымкенте состоялось торжественное вручение ключей от арендных квартир. Счастливыми обладателями нового жилья стали 15 семей, в числе которых — граждане с инвалидностью, семьи, воспитывающие детей с особыми потребностями, а также неполные семьи.
В ходе церемонии аким города поздравил новосёлов с важным событием и отметил, что реализация данных мероприятий осуществляется в рамках поручений Главы государства и направлена на последовательное повышение качества жизни населения.
Стоит отметить, арендные квартиры предоставлены гражданам, состоящим в очереди на жильё, в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан. Механизм распределения обеспечивает адресность и прозрачность предоставления жилищной поддержки.
Новые квартиры расположены в многоэтажных жилых домах микрорайона «Асар-2». Объекты введены в эксплуатацию с соблюдением всех строительных норм и стандартов, полностью обеспечены инженерной инфраструктурой и готовы к комфортному проживанию.
Реализация программ арендного жилья в городе будет продолжена и в дальнейшем в целях последовательного решения жилищных вопросов граждан.
Пресс-служба акима города Шымкент
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары