Түркістан облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Цифрлық даму орталығы» мекемесінің мемлекеттік-жекешелік әріптестікті бақылау бөлімі — өңірдегі бейнекамералардың жұмысын бақылау және құқық бұзушылықтарды бейнебақылау арқылы анықтап, жергілікті полиция қызметкерлеріне хабарлаумен айналысады. Бүгінгі таңда облыс бойынша ахуалдық орталыққа жалпы 824 бейнекамера қосылған. Бұл жайында мекеме басшысы Талғат Әшірбеков БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.
«Мекеме тарапынан облыс аумағында ауқымды шаралар жүргізілуде. Мәселен, 2025 жылы өңірде ашылған 25 жаңа мектептің 23-і толықтай интернетпен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, облыстағы 806 мектеп пен балабақшаның бейнекамералары «Жедел басқару орталықтарына» сәтті интеграцияланды. Ал, техникалық қолдау бөлімі тарапынан өткен жылы өңірде барлығы 5 000 антивирустық бағдарлама орнатылып, 100 аппараттық-бағдарламалық кешен және 220 жалпы бейнебақылау камералары іске қосылды» — деді спикер.
Сонымен қатар, аталған мекеме басшысының орынбасары Жансая Алпамысованың айтуынша, облыс аумағында тәулік бойы тұрақты қызмет көрсететін 109-бірыңғай байланыс бөлімінде де өткен жылы ауқымды жұмыстар атқарылған. Мәселен, 2025 жылы орталыққа 162 320 өтінім түскен болса, 160 450-сы уақытылы орындалған. Ал, 2026 жылдың 17 сәуіріне дейін жалпы 54 828 өтініш тіркеліп, оның 54 320-сы уақытылы шешімін тапқан. Ал, 272 өтінім орындалу барысында.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
➖

В Туркестанской области к ситуационному центру подключено более 800 видеокамер
Отдел контроля государственно-частного партнерства учреждения «Центр цифрового развития» управления цифровизации, оказания государственных услуг и архивов Туркестанской области — занимается мониторингом работы видеокамер в регионе и выявлением правонарушений посредством видеонаблюдения и информированием местных сотрудников полиции. На сегодняшний день в ситуационный центр по области подключено 824 видеокамеры. Об этом сообщил руководитель учреждения Талгат Аширбеков на брифинге с представителями СМИ.
«Со стороны учреждения на территории области проводятся масштабные мероприятия. Так, из 25 новых школ, открытых в регионе в 2025 году, 23 полностью обеспечены интернетом. Также видеокамеры 806 школ и детских садов области успешно интегрированы в «центры оперативного управления». Всего же отделом технической поддержки в прошлом году в регионе установлено 5 000 антивирусных программ, запущено 100 аппаратно-программных комплексов и 220 камер видеонаблюдения», — доложила спикер.
По словам заместителя руководителя данного учреждения Жансая Алпамысовой, в прошлом году была проделана большая работа в 109 отделах единой связи, которые оказывают круглосуточное постоянное обслуживание на территории области. Так, в 2025 году в центр поступило 162 320 заявок, 160 450 своевременно выполнены. Всего до 17 апреля 2026 года зарегистрировано 54 828 обращений, из них 54 320 своевременно решены. При исполнении 272 заявок.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
