ТЖД: Табиғи өрттердің алдын алу шаралары күшейтілуде — Xnews — ақпарат агенттігі

ТЖД: Табиғи өрттердің алдын алу шаралары күшейтілуде

Шымкент қаласында алдағы өрт қауіпті кезеңге дайындық мәселесі күн тәртібінде тұр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша, қалада орман өрттерінің аумағы 18 есеге өсіп, 22,7 гектарға жеткен. Сонымен қатар тіркелген 1 593 жану дерегінің басым бөлігі Абай және Тұран аудандарында орын алған.

Осыған байланысты алдағы кезеңге арналған бірқатар жаңа шаралар қолға алынбақ. Атап айтқанда, дрондар арқылы рейдтер жүргізіліп, «Жасыл белдеу» мен «Бадам» орман қоры аумақтарында арнайы кезекшілік ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғандарға қатысты әкімшілік жауапкершілік күшейтіледі. Өткен жылы мұндай құқықбұзушылықтар үшін 64 адамға жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды құрғақ шөпті өртемеуге, қауіпсіздік талаптарын сақтауға және кез келген өрт қаупіне бей-жай қарамауға шақырады. Қазіргі таңда табиғи өрттердің алдын алу жұмыстары қатаң бақылауға алынған.

Толығырақ: https://youtube.com/live/QpYAnrWuCF4
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...