Түркиялық инвестор Түркістанда жылыжай кешенін салуға ниетті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркиялық инвестор Түркістанда жылыжай кешенін салуға ниетті

Бүгін Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында маңызды инвестициялық кездесу өтті. Кездесуге «MIR Agro KZ» ЖШС-нің Бас директоры Факуруллах Горкемоглу пен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Түркістан облысы бойынша өңірлік директоры Нұрсұлтан Алтынбек, сондай-ақ өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Түркия инвесторы Түркістан облысы, Жетісай ауданында заманауи жылыжай кешенін іске қосу арқылы құлпынай өсіру жобасын жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді. Бұл жоба аймақтың агроөнеркәсіптік әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауыл шаруашылығында заманауи технологияларды енгізуге үлкен серпін бермек.

Тараптар Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктері мен қолайлы бизнес ахуалын жан-жақты талқылады. Өз кезегінде, өңірлік кәсіпкерлер палатасы инвесторларға барлық қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы аталған жобаны өз сүйемелдеуіне алып, оның тиімді әрі уақтылы жүзеге асуына жан-жақты қолдау көрсететінін мәлімдеді. Бұл бастама өңірге шетелдік инвестиция тартудың нақты нәтижесі ретінде бағаланып, алдағы уақытта да осындай ірі жобаларды іске асыруға жол ашатыны сөзсіз.

x

Check Also

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысы Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде баламасы жоқ мал бордақылау кешенінің құрылысы ...