Шымкент – Қазақстан математиктерінің І конгресінің алаңы — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент – Қазақстан математиктерінің І конгресінің алаңы

Шымкентте еліміздің ғылыми қауымдастығы үшін айтулы оқиға – Қазақстан математиктерінің І Конгресінің ашылу салтанаты өтті. 3–7 сәуір аралығында ұйымдастырылып отырған бұл ауқымды жиын отандық ғылымның дамуына тың серпін беруді көздейді.

Конгресс математика, механика және ақпараттық технологиялар саласындағы жетекші ғалымдарды, зерттеушілерді, жоғары оқу орындарының оқытушыларын, сондай-ақ шетелдік сарапшыларды, жалпы алғанда 500-ге жуық математиктерді бір алаңға біріктірді. Іс-шара аясында 6 халықаралық ғылыми конференция өткізіліп, математика ғылымының өзекті мәселелері, заманауи зерттеулер мен халықаралық тәжірибелер кеңінен талқыланбақ.

Ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов қатысып, қатысушыларды құттықтады. Сонымен қатар жиында Дархан Жұмақанұлы Ахмед-Заки – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті басқарма төрағасы-ректоры, Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг, сондай-ақ Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов пен Тынысбек Шәріпұлы Кальменов сөз сөйледі.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек тағылымды сөз сөйлеп, ғылымның ел дамуына қосар үлесінің маңыздылығын атап өтті. Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Олжас Бектенов атынан құттықтауды жеткізіп, конгресс жұмысына сәттілік тіледі.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...