«Түркістан Арена» УЕФА турнирлері аясында алғашқы ресми матчын қабылдап, стадион жанкүйерге толды — Xnews — ақпарат агенттігі

«Түркістан Арена» УЕФА турнирлері аясында алғашқы ресми матчын қабылдап, стадион жанкүйерге толды

Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында Қазақстан мен Словакияның 21 жасқа дейінгі жастар құрамалары арасында тартысты кездесу өтті. Аталған ойын 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында ұйымдастырылды.

Түркістанда УЕФА басшылығы аясында өткен алғашқы ресми матч жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Халықаралық деңгейдегі матчқа жергілікті жанкүйерлер ерекше қызығушылық танытып, стадион толық толды. Жеті мыңдай жанкүйер жиналып, трибуналарда ине шаншар орын қалмады. Түркістан жұртшылығы Қазақстанның жастар құрамасына қызу қолдау көрсетіп, ойын бойы ұлттық құрамаға дем берді. Жанкүйерлердің белсенділігі алаңдағы ойыншыларға ерекше серпін сыйлады.

Тартысты өткен матч, өкінішке қарай қонақтардың пайдасына шешілді. Словакиялықтар сауатты әрі қорғаныста сақ ойнап, 3:1 есебімен жеңді.

Мұндай маңызды кездесулердің Түркістанда өтуі өңірдегі спорт инфрақұрылымының қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар бұл – жастар футболын дамытуға және жас буынның спортқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Айта кетейік, «Түркістан Арена» стадионы – халықаралық деңгейдегі заманауи спорт нысаны. УЕФА талаптарына сай стадионда Қазақстан жастар құрамасы 31 наурызда Ирландия жастарын қабылдайды. Кездесу сағат 20:00-де басталады, кіру тегін.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...