Түркістанда түрік инвесторларымен жылыжай жобалары талқыланды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда түрік инвесторларымен жылыжай жобалары талқыланды

Бүгін Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында Түркияның Marketing Commerce International компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында агроөнеркәсіп кешенінде, әсіресе жылыжай шаруашылығын дамыту бағытында бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қаралды.

Жиын барысында Түркістан облысының инвестициялық ахуалы таныстырылып, өңірдің ауыл шаруашылығына қолайлы климаттық жағдайы мен мемлекеттік қолдау тетіктері кеңінен сөз болды.

Компания өкілі Аli Вabасker өз сөзінде Қазақстан нарығына қызығушылық жоғары екенін атап өтті:

«Біз Түркістан облысын агробизнес үшін перспективалы өңір ретінде қарастырамыз. Жылыжай шаруашылығы бойынша заманауи технологияларды енгізіп, ұзақ мерзімді серіктестік орнатуға дайынбыз», – деді ол.

Өз кезегінде Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев өңірдің инвестиция тартуға ашық екенін жеткізді:

«Палата әрдайым инвесторларға қолдау көрсетуге дайын. Біз жобаларды сүйемелдеп, кәсіпкерлер мен инвесторлар арасында тиімді байланысты қамтамасыз етеміз», – деді ол.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта нақты жобаларды пысықтап, өзара ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.

x

Check Also

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысы Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде баламасы жоқ мал бордақылау кешенінің құрылысы ...