Қазығұртта әз-Наурыз мерекесіне орай алып құрт дайындалды — Xnews — ақпарат агенттігі

Қазығұртта әз-Наурыз мерекесіне орай алып құрт дайындалды

Қазығұрт ауданында «Наурыз – Қазығұрттан басталады» атты мерекелік шара өтті. Бұл мейрам – табиғаттың түлеп, күн мен түннің теңеліп, тіршіліктің жаңаратын кезеңі.

Қазақы дәстүрді жалғастырып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында Шанақ ауылындағы «Ақ әжелер» алқасы Наурыз мерекесіне ерекше тарту жасады. Олар Наурыз мейрамына орай берекенің нышаны саналатын алып құрт дайындады.

«Мақсатымыз – халқымызға «ақ мол болсын» деген ниет білдіру, ұлттық тағамның қадір-қасиетін насихаттау және жастарға өнеге көрсету. Құрттан жасалатын тағамдардың пайдасы зор. Ол адамға күш-қуат береді. Сондай-ақ, денсаулыққа пайдалы әрі қазақ дастарқанының ажырамас бөлігі»-дейді әжелер алқасы.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...