Шағын және орта бизнеске инвестициялар мен Қазақстан аймақтарының даму мүмкіндіктеріне арналған семинар өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Шағын және орта бизнеске инвестициялар мен Қазақстан аймақтарының даму мүмкіндіктеріне арналған семинар өтті

Бүгін Шымкент қаласында кәсіпкерлерге арналған ауқымды ашық семинар ұйымдастырылды. Іс-шара өңірдегі бизнес өкілдері, инвесторлар мен сарапшыларды бір алаңға жинап, кәсіпкерлікті дамыту мен инвестиция тарту күштерін талқылауға арналды.

Семинардың негізгі өзегі – Қазыбек Шайхтың «Орталық Азиядағы шағын және микробизнеске арналған баламалы инвестиция көздері» атты кітабы негізінде өрбіді. Қазыбек Шайх – инвестиция және бизнес дамыту саласында тәжірибесі мол маман. Ол NACOFEC ұйымының президенті, сондай-ақ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы. Автор өз еңбегінде бизнестегі өзекті мәселелерді көтеріп қана қоймай, оларды шешудің нақты, практикалық жолдарын ұсынды.

Іс-шараға Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев қатысып, кәсіпкерлікті қолдау мен инвестициялық ахуал туралы пікір білдірді.

«Бүгінде кәсіпкерлік – экономиканың тірегі ғана емес, қоғамның дамуына тікелей әсер ететін маңызды күш. Біздің басты міндет – бизнеске қолайлы орта қалыптастырып, кәсіпкерлердің жаңа нарықтарға шығуына және инвестиция тартуына нақты жағдай жасау. Осындай кездесулер – нақты білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін тиімді алаң», – деді Асылан Ибадуллаев.

Семинар барысында кітапта көтерілген негізгі мәселелер кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, шағын және орта бизнес үшін басты кедергілер – капитал тапшылығы, қаржы жүйесінің шектеулері және инвестицияға қол жеткізу жолдары сарапталды.

Сонымен қатар, қатысушыларға:
• инвестиция тартудың нақты құралдары,
• Қазақстандағы қаржыландыру көздері,
• бизнесті кеңейту стратегиялары,
• халықаралық нарыққа шығу мүмкіндіктері (оның ішінде Қытай бағыты) туралы толық ақпарат берілді.

Автор бизнесті масштабтаудың тиімді модельдерін де түсіндірді. Олардың қатарында франчайзинг, краудфандинг, бірлескен кәсіпорындар (JV) және келісімшарттық өндіріс сияқты заманауи тәсілдер бар.

Іс-шараға Сингапурдан халықаралық серіктестер онлайн форматта қосылып, тәжірибе алмасты. Бұл өз кезегінде қатысушыларға жаһандық нарықтағы мүмкіндіктерді түсінуге жол ашты.

Жалпы ұзақтығы шамамен 5 сағатқа созылған семинар презентация және ашық сұрақ-жауап форматында өтті. Ашық алаң кәсіпкерлер үшін жаңа білім алып, инвестиция тартудың нақты жолдарын меңгеруге мүмкіндік берді.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкентте Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында қырғыз делегациясымен ауқымды кездесу өтті. Жиынға Қырғызстан Республикасы Экономика министрлігінің басқарма басшысы Искандербек Маматов, Кәсіпкерлер палатасының ...

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...