Палата директоры «Qazaq Bitum» ЖШС кәсіпорын жұмысымен танысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Палата директоры «Qazaq Bitum» ЖШС кәсіпорын жұмысымен танысты

Жол құрылысына қажетті битум өндірісі – инфрақұрылым саласының маңызды бағыттарының бірі. Осы бағытта жұмыс істейтін Шымкент қаласындағы «Qazaq Bitum» өндіріс орнына Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев арнайы барып, кәсіпорынның қызметімен танысты.

Кездесу барысында кәсіпорынның өндірістік процесі, өнім шығару көлемі және логистикалық мүмкіндіктері талқыланды. Qazaq Bitum – елімізде жол құрылысына қажетті битум өндіретін және оны көтерме түрде жеткізумен айналысатын компаниялардың бірі. Кәсіпорын жол битумын, полимерлі-битумды тұтқыр материалдарды (БМП 50/70) және битум эмульсияларын өндіреді. Сондай-ақ компания битумды жеткізу қызметін де ұсынады. Өнім теміржол және автокөлік арқылы жыл мезгіліне және қашықтыққа қарамастан жеткізіледі.

Өндіріс орнын аралау барысында Асылан Ибадуллаев кәсіпкерлермен ашық әңгімелесіп, олардың жұмысына қатысты мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады. Палата директоры кәсіпкерлердің өндірісті дамытуына қолдау көрсету маңызды екенін атап өтіп, қандай да бір қиындықтар немесе жүйелі мәселелер туындаса, оны тікелей жеткізуге болатынын айтты.

«Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы әрдайым кәсіпкерлердің жанынан табылып, бизнесті дамытуға бағытталған бастамаларға қолдау көрсетуге дайын. Егер өндіріс барысында кедергілер немесе әкімшілік мәселелер туындаса, Палата тарапынан тиісті көмек көрсетуге әрқашан әзірміз», – деді Асылан Ибадуллаев.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкентте Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында қырғыз делегациясымен ауқымды кездесу өтті. Жиынға Қырғызстан Республикасы Экономика министрлігінің басқарма басшысы Искандербек Маматов, Кәсіпкерлер палатасының ...

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...