«Central Asia Aluminum» кәсіпорнында өндірістік сапар өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

«Central Asia Aluminum» кәсіпорнында өндірістік сапар өтті

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев Ордабасы ауданына жұмыс сапары аясында Бадам ауылдық округіндегі «Central Asia Aluminum» ЖШС өндірісінде болып, кәсіпорынның жұмысымен танысты. Бұл кәсіпорын өңірде соңғы уақытта іске қосылған ірі индустриялық жобалардың бірі.

Кездесу барысында өндірістің қазіргі ахуалы, өндірістік мүмкіндіктер, алдағы даму жоспарлары талқыланды. Кәсіпорын өкілдері өндіріс процесі, өнім шығару барысы және өндірісті жетілдіру бағытындағы жоспарларымен бөлісті. Өндірістік қуаты жылына 20 мың тонна алюминий өнімін шығара алатын кәсіпорынға 4,4 млрд теңге инвестиция салынған.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының сөзінше, жаңа кәсіпорынның іске қосылуы өңірдің өнеркәсіп саласын дамытуға, экспорттық әлеуетін арттыруға және жергілікті бюджеттің кірісін көбейтуге бағытталған маңызды қадам. Түркістан облысы дотациялық аймақтан шығып, өз күшіне сүйенетін экономикалық аймаққа айналуы тиіс. Бұл бағытта өңірде жаңа өндірістерді іске қосу, индустриалды аймақтарды дамыту жұмыстары жалғасады.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкентте Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында қырғыз делегациясымен ауқымды кездесу өтті. Жиынға Қырғызстан Республикасы Экономика министрлігінің басқарма басшысы Искандербек Маматов, Кәсіпкерлер палатасының ...

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...