Кәсіпкерлер мәселесі назарда: Палата директоры “Эко Алюминиум” кәсіпорнының жұмысымен танысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Кәсіпкерлер мәселесі назарда: Палата директоры “Эко Алюминиум” кәсіпорнының жұмысымен танысты

Бүгін Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев Ордабасы ауданына жұмыс сапарымен барып, Бадам ауылдық округіндегі Бадам индустриялық аймағында орналасқан «Эко Алюминиум» ЖШС-нің өндіріс орнымен танысты.

Кәсіпорын басшылығымен және қызметкерлерімен өткен кездесу барысында өндіріс барысы, кәсіпорынның қазіргі жағдайы және алдағы жоспарлары талқыланды. Сондай-ақ кәсіпкерлер тарапынан туындауы мүмкін мәселелер мен өндірісті дамытуға қатысты ұсыныстар тыңдалды.

Кездесу барысында Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев кәсіпкерлермен ашық диалог орнату маңызды екенін атап өтті.

«Біздің негізгі мақсатымыз – кәсіпкерлердің мәселесін тікелей өз аузынан естіп, оны шешуге нақты қолдау көрсету. Егер өндіріс барысында қандай да бір қиындықтар туындаса, Кәсіпкерлер палатасы әрдайым көмектесуге дайын. Біз бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді бірге шешуге мүдделіміз» – деді ол.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкентте Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында қырғыз делегациясымен ауқымды кездесу өтті. Жиынға Қырғызстан Республикасы Экономика министрлігінің басқарма басшысы Искандербек Маматов, Кәсіпкерлер палатасының ...

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...