Референдум: Республикалық ақындар айтысының жүлдегері өз таңдауын жасады — Xnews — ақпарат агенттігі

Референдум: Республикалық ақындар айтысының жүлдегері өз таңдауын жасады

Республикалық ақындар айтысының жүлдегері, отырарлық ақын Дәурен Полатбаев референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Өңірдің руханиятына үлес қосып жүрген айтыскер ақын ел өміріндегі маңызды науқаннан шет қалмай, азаматтық ұстанымын білдіріп, дауыс берді.

«Референдум – халықтың еркін білдіретін және қоғамдағы маңызды мәселелерді бірге шешуге мүмкіндік беретін ерекше мүмкіндік. Бұл – әр азаматқа елдің саяси бағытына қатысты пікір айтуға берілген сәт. Мұндай процестер қоғамдағы демократиялық мәдениетті нығайтады және азаматтардың мемлекет ісіне деген қызығушылығын арттырады. Сондықтан референдумға қатысу арқылы азаматтар өз елінің тұрақтылығы мен болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетеді. Бұл – жауапты қоғамның белгісі. Ақын жүрегі әрқашан елдің тыныс-тіршілігімен бірге соғады. Ол қоғамдағы өзгерістерге бей-жай қарамайды, керісінше, өз өлеңдері арқылы халықты бірлікке, ынтымаққа, елдік құндылықтарды құрметтеуге үндейді. Референдумға қатысуы – азаматтық сананың, елге деген сүйіспеншіліктің және халық тағдырына ортақтастықтың айқын көрінісі» — дейді ақын.

Бүгінде отырарлықтар референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда. Айта кетейік, Отырар ауданында жалпы 40 референдум учаскесі жұмыс істесе, 28 531 азамат дауыс беру құқығына ие.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...