Түркістан: Арыстық велосипедшілер референдумда өз таңдауларын жасады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Арыстық велосипедшілер референдумда өз таңдауларын жасады

Түркістан облысы Арыс қаласының бірқатар тұрғындары велосипедпен келіп, өз таңдауларын жасады. Келген тұрғындар референдум учаскесіне аялдап, ел өміріндегі маңызды сәттен шет қалмай, өз дауыстарын берді.

«Әрбір мемлекеттің болашағы азаматтардың белсенділігіне байланысты. Референдум – сол белсенділікті нақты іс арқылы көрсетуге мүмкіндік беретін маңызды құрал. Дауыс беру арқылы халық маңызды реформалар мен өзгерістерге өз көзқарасын білдіреді. Бұл қоғам мен мемлекет арасындағы сенім мен диалогтың маңызды бөлігі болып саналады. Сондықтан әрбір азаматтың референдумға қатысуы – елдің тұрақты дамуына және қоғамның бірлігіне қосылған маңызды үлес» — дейді қала тұрғыны Дархан Темірхан.

Айта кетейік, Арыс қаласы бойынша 34 референдум учаскесі, 42 840 дауыс беруші бар. Жалпы референдумға облыс бойынша 6 380 комиссия мүшесі тартылған. Комиссия мүшелерінің 97%-ының референдум және түрлі деңгейдегі сайлау науқандарын өткізуде тәжірибесі бар. Сонымен бірге, бақылаушылар да референдум барысын тұрақты қадағалап отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысы Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде баламасы жоқ мал бордақылау кешенінің құрылысы ...