Референдум: Түркістан облысында қазақ күресінен әлем кубогының күміс жүлдегері дауыс берді — Xnews — ақпарат агенттігі

Референдум: Түркістан облысында қазақ күресінен әлем кубогының күміс жүлдегері дауыс берді

Түркістан облысы Отырар ауданында қазақ күресінен әлем кубогының күміс жүлдегері Жолдасбек Бектұрсынов өз таңдауын жасады. Ел болашағы үшін маңызы жоғары саяси науқанға атсалысқан балуан аудан тұрғындарын белсенды болуға шақырды.

«Референдум – халықтың мемлекет өміріндегі маңызды шешімдерге тікелей қатысуының айқын көрінісі. Мұндай саяси құрал азаматтарға өз пікірін ашық білдіріп, елдің болашағына қатысты мәселелерге ықпал етуге мүмкіндік береді. Әрбір дауыс – қоғамдағы өзгерістерге деген көзқарастың көрінісі. Сондықтан референдумға қатысу – әр азаматтың азаматтық жауапкершілігін танытатын маңызды қадам. Белсенді қоғам ғана тұрақты әрі дамыған мемлекет қалыптастыра алады. Осындай сәттерде халықтың бірлігі мен жауапкершілігі айқын көрінеді. Референдум – халық пен мемлекет арасындағы байланысты нығайтатын маңызды демократиялық тетік. Ол азаматтарға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беріп қана қоймай, елдің болашағын айқындауға тікелей қатысуға жол ашады. Сондықтан референдумның маңызы қоғам үшін де, мемлекет үшін де өте зор»- деді спортшы.

Айта кетейік, Отырар ауданында 15 наурыз күні сағат таңғы 07:00-ден бастап 40 дауыс беру учаскесі өз жұмысын бастады. Аудан тұрғындары белсенділік танытып, аудан қариялары мен 18-ге жаңа толған туған күн иелері де өз таңдауларын жасауда.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...