Түркістан қаласында домбырашылар учаскеге арнайы келіп, өз таңдауларын жасады — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан қаласында домбырашылар учаскеге арнайы келіп, өз таңдауларын жасады

Түркістан қаласындағы №115 дауыс беру учаскесіне домбырашылар арнайы келіп, өз таңдауларын жасады. Бұл мәдениет өкілдерінің елдегі маңызды науқанға белсенді қатысуының көрінісі. Домбырашылардың қатысуы тұрғындарға азаматтық белсенділік үлгісін көрсетіп, референдумның маңызын насихаттауға септігін тигізді.

Айта кетейік, Түркістан қаласы бойынша республикалық референдум өткізу үшін 65 дауыс беру учаскесі ұйымдастырылған. Барлық учаскелер қажетті құрал-жабдықтармен, материалдық-техникалық жағынан толық қамтамасыз етілген. Қала тұрғындары референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасап жатыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...