Түркістан облысында референдум күні азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында референдум күні азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Кентау қаласынның “Ынтымақ” орталық алаңында “Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі” ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеге жергілікті шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер қатысып, өз өнімдерін нарық бағасынан төмен бағамен ұсынды. Жәрмеңке барысында ет және сүт өнімдері, көкөністер, жеміс-жидектер және басқа да азық-түлік тауарлары сатылымға шығарылды. Нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен бағада ұсынылған өнімдерге дауыс берушілердің қызығушылығы жоғары.

Айта кетейік, Түркістан облысында 15 наурыз күні сағат таңғы 07:00-ден бастап 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Облыста 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие. Бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...