Түркістан: Сайрамда Ұлы Отан соғысының ардагері Ахмеджан Анартаев референдумда дауыс берді — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Сайрамда Ұлы Отан соғысының ардагері Ахмеджан Анартаев референдумда дауыс берді

Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылдық округіндегі №580 референдум учаскесінде Ұлы Отан соғысының ардагері Ахмеджан Анартаев өз таңдауын жасап, дауыс берді.

Сондай-ақ, қарт жауынгер референдумға келушілерге, комиссия мүшелері мен байқаушыларға бүгінгідей маңызды саяси науқанның сәтті өтуіне тілектестігін білдіріп, ақ батасын берді. Бүгінде ардагер ақсақал Қарабұлақ ауылында тұрады. Қарияның 9 баласы, 28 немересі, 5 шөбересі бар.

Айта кетейік, бүгін 15 наурыз күні сағат таңғы 07:00-ден бастап Түркістан облысы аумағында 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Облыста 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...