Референдум: Түркістан облысында дауыс берушілер учаске алдында таңғы жаттығу жасады — Xnews — ақпарат агенттігі

Референдум: Түркістан облысында дауыс берушілер учаске алдында таңғы жаттығу жасады

Түркістан қаласындағы №109 референдум учаскесінде 50-ден астам спортшы мен жаттықтырушылар өз таңдауларын жасап қана қоймай, таңғы жаттығуларын өткізді.

«Саяси науқан алдында спортты жанына серік еткен азаматтар таңғы жаттығуды учаске алдында өткізгенді жөн көрдік. Бұл біз үшін аса маңызды күн. Осы арқылы бұқаралық спорттың да еліміз үшін маңыздылығын түсіндіргіміз келді» — дейді Түркістан қаласының тұрғыны Дәуіржан Мергенбай.

Айта кетейік, Түркістан облысында 947 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Дауыс беру учаскелері ең көп аудандар: Сайрам – 89, Сарыағаш – 82, Жетісай – 75, Төлеби ауданы – 69, Түркістан қаласы – 65.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...