Асылан Ибадуллаев Ордабасыдағы «KazKioti» зауытының өндіріс барысымен танысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Асылан Ибадуллаев Ордабасыдағы «KazKioti» зауытының өндіріс барысымен танысты

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев Ордабасы ауданына жұмыс сапары аясында Бадам ауылдық округіндегі Бадам индустриялық аймағында орналасқан «KazKioti» ЖШС трактор зауытында болды.

Сапар барысында зауыттың өндірістік қуаты, құрастыру желісі және кәсіпорынның жалпы жұмыс барысы таныстырылды. Кәсіпорын өкілдері өндіріс процесі, техникалық мүмкіндіктері мен алдағы даму жоспарлары жөнінде мәлімет берді.

Кездесу барысында кәсіпкерлік саласында туындауы мүмкін мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Кәсіпкерлер палатасының директоры өндіріс орындарымен тұрақты байланыс орнату маңызды екенін атап өтті.

— Біз үшін кәсіпкерлермен тікелей кездесіп, олардың жұмысымен танысу маңызды. Өндіріс орындарының дамуына кедергі келтіретін қандай да бір мәселе болса, Кәсіпкерлер палатасы әрдайым қолдау көрсетуге дайын. Бизнестің дамуы – өңір экономикасының дамуына серпін береді, – деді Асылан Ибадуллаев.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...