Түркістан: Академияда «Жас мемлекеттік қызметші» мектебінің оқу курсы басталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Академияда «Жас мемлекеттік қызметші» мектебінің оқу курсы басталды

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалында «Жас мемлекеттік қызметші» мектебінің тыңдаушылары үшін 40 сағаттық оқу курсының ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Департамент басшысы А. Наурызбай және филиал директоры А. Қайратқызы қатысты.

Аталған курс мемлекеттік қызметке қызығушылық танытатын және осы салада кәсіби дамуды көздейтін жастарға арналған. Бағдарлама аясында қатысушылар мемлекеттік басқару жүйесінің негіздерімен, стратегиялық жоспарлау және тиімді шешім қабылдау тетіктерімен, мемлекеттік қызмет әдебі мен көшбасшылық дағдыларымен танысады.

Шарада А. Наурызбай жастардың әлеуетін арттыру, олардың кәсіби бағдарын қалыптастыру және мемлекеттік қызмет құндылықтарын дәріптеу бағытындағы жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, тыңдаушыларды белсенділік танытып, алған білімдерін тәжірибеде тиімді қолдануға шақырды.

Оқу курсы жас қатысушылардың басқарушылық құзыреттерін дамытуға және болашақта мемлекеттік қызмет саласында табысты еңбек етуіне берік негіз қалайды. Курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталады.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

«Quiz жас буын. Қаржы. Digital. Құқық» интеллектуалды сайысы өтті

Шымкент қаласында жастар арасында қаржылық сауатты, құқықтық мәдениетті және цифрлық білімді арттыру мақсатында жаңа форматтағы «Quiz жас буын. Қаржы. Digital. ...