Өнеркәсібі өркендеген қала: Нақты сектордың өнім көлемі 16.5 пайызға артты — Xnews — ақпарат агенттігі

Өнеркәсібі өркендеген қала: Нақты сектордың өнім көлемі 16.5 пайызға артты

Шымкентте өңдеу өнеркәсібі биылғы 10 айда 16,5 пайызға өсіп, қала экономикасының негізгі драйверіне айналды. Соңғы үш жылда өнеркәсіп саласында жалпы құны 150 млрд теңгені құрайтын 40 жоба іске қосылып, 2,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы хабарлады.

Басқарманың мәліметіне сүйенсек, соңғы үш жылда қала экономикасына 2 трлн теңгеден астам қаржы құйылған. Оның 75 пайызы жеке инвесторлар есебінен екен. Инвестиция көлемінің орташа жылдық өсім 11 пайызды құраған.

Осының нәтиджесінде қалада бірқатар өндіріс орындары іске қосылған. Мысалы, «QazAlpack» компаниясының алюминий құтыларын өндіретін зауыты – ауқымды жобалардың бірі. Бұл кәсіпорынды ашуға компания 30 млрд теңге инвестиция салған. Зауыттың жылдық қуаты – 2,2 млрд дананы құрайды. Онда 112 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.

Ал, «Sauran Bricks» компаниясының автоклавты газдалған бетон зауыты 7,8 млрд теңгеге салынған. Мұнда жылына 300 мың текше метр автоклавты бетон өндіріледі. Бұл зауытта да 100-ге жуық жұмыс орны ашылған.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...