Токио Олимпиадасына қатысушылардың төсегі картоннан жасалады — Xnews — ақпарат агенттігі
The beds for athletes will be 2.10 metres long and able to support a weight of 200kg

Токио Олимпиадасына қатысушылардың төсегі картоннан жасалады

2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада мен Паралимпиаданың ұйымдастырушылары қатысушылардың төсегі қайта өңделген картоннан жасалатынын айтты.

Токиодағы Олимпиада қалашығының менеджері Такэси Китадзиманың айтуы бойынша, картон төсектер 200 келі салмақты көтере алады және осы тұрғыдан алғанда олар ағаш төсектен де мықты.

«Бірақ үстінде секіретін болсаңыз, ол да ағаш төсек сияқты қирап қалады», — дейді Такэси Китадзима.

Олимпиада қалашығына жалпы 18 мың төсек қойылады, ал Паралимпиада кезінде оның 8 мыңы ғана пайдаланылады.

Еске сала кетсек, Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтеді. Ал Паралимпиада 25 тамызда басталып, қыркүйектің алтысы күні аяқталады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

ТОО «iGps Tech» разработала спутниковую систему мониторинга сельскохозяйственных животных, которая работает даже в районах без покрытия сотовой связи. Отечественная технология ...

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан ...