Шымкент қалалық №1 клиникалық аурухананың дәрігерлері сегізкөз сүйегін қайта қалпына келтіру бойынша жоғары технологиялық отаны сәтті жүргізді. Бұл – елімізде сирек жасалатын, күрделі операция.
45 жастағы науқас 5 метр биіктен құлап, сегізкөз сүйегін сындырып алған. Сүйек екіге бөлінген мұндай жарақат аса қауіпті, себебі, адамның жүйке жүйесі зақымдалып, жамбастағы ағза мүшелерінің қызметі бұзылады, соның салдарынан науқастың өмір бойы төсекке таңылып қалу қаупі бар.
Күрделі ота барысында дәрігерлер арнайы құрылғыларды қолдана отырып, сүйекті анатомиялық қалпына келтірді. Бұл әдіс қазақстандық дәрігерлердің ғылыми еңбегінің нәтижесінде әзірленіп, диссертациялық деңгейде зерттелген.
Травматолог дәрігерлер бригадасының кәсіби шеберлігінің нәтижесінде операция сәтті өтті. Қазіргі таңда науқастың жағдайы жақсы, дәрігерлердің тұрақты бақылауына алынған.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
