Алматы әуежайында ұшақ құлады — Xnews — ақпарат агенттігі

Алматы әуежайында ұшақ құлады

Әзірге белгілі ақпарат бойынша, Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтан бағытында ұшуы тиіс болған «Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағы әуеге көтерілер кезде апатқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әуежайының диспетчерлік қызметінің операторынан түскен ақпарат бойынша, «Алматы — Нұр-Сұлтан» бағытында әуеге көтерілген «Бек Эйр» әуе компаниясының кемесі радардан жоғалып кетті.

Жолаушылар саны – 95. Экипаж саны – 5. Ұшақ түрі: «Фоккер-100».

Алматы әуежайындағы көліктегі полиция бөлімінің кезекшісінен түскен ақпарат бойынша, Қызыл ту ауылы аумағында ұшақ құлады. Оқиға орнына құтқарушылар тобы мен Алматы қаласының авиациялық көлік прокуроры аттанды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің ақпараты бойынша, құтқару жұмыстары бірден басталды, ұшақ өртенген жоқ. Әуе кемесінің жолаушылары мен экипажын эвакуациялау жүргізілуде.

Қазіргі уақытта қаза тапқандар саны – 7 адам.

ҚР Премьер-министрінің тапсырмасымен Премьер-министрдің орынбасары басқаратын Үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия құрамына ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі және басқа мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Комиссия оқиға орнына аттануда.

Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықталады. Апат жағдайлары анықталғанға дейін осы типтегі әуе кемелерінің ұшуы уақытша тоқтатылады.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, бортта 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

ТОО «iGps Tech» разработала спутниковую систему мониторинга сельскохозяйственных животных, которая работает даже в районах без покрытия сотовой связи. Отечественная технология ...

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан ...